Жамбыл ауданының бас имамы, Жастар ісі секторының өңірдегі жетекшісі Ғайырфулла Қуанышбекұлы жамағатқа "Ас беру мәдениеті" құжатын таныстырды.
Ас беру деген не, оның мән-маңызы, шариғат бойынша өткізу тәртібі, қаралы үй іші мәселесі сынды салтымызға ұштасқан діни рәсімді сауатты жүргізуді насихаттады.
Көпшілік қойған сұрақтарға қоғамдағы орын алып жатқан жиындар арқылы мысал келтіре отырып, тарихты қозғап, мардымды жауаптар берді. Имам исі мұсылман халық білуге тиісті дүниелерді әр қайсымыз біле жүріп, дұрыс атқарсақ, ысыраптың болмайтындығы және ол үшін берілетін сауаптан да құр қалмайтынымызды жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі