ҚМДБ Жастар ісі секторының Жамбыл облысындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен жалғызбасты 4 баланың анасына көмек көрсетілді.
Көпбалалы шаңыраққа сектор жетекшісі Нұрсұлтан Маметбай азық-түлік дорбасын өзі апарып беріп, бүлдіршіндерді қуантты.
«Кең болсаң – кем болмайсың» дейді қазақ халқы. Демек, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» деген сөзін ұмытпауымыз керек.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі