Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Тараз қаласында орналасқан ЖД 158\2 жалпы режимдегі сотталған азаматтармен кездесті.
Теріс ағымдар, олардың сипаттары, адасқан тұстары жайлы мардымды насихат айтып, дәйекті де дәлелді мысалдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бас имам астың адам ағзасына, рухына тікелей әсер ететінін жеткізіп, кез келген тағамның ішінен халал өнімдерді жеудің маңызын тілге тиек етті.
Имам шара барысында Сириядан оралған Данияр Алтаев есімді азаматпен жеке жүздесті. Бағыттан адасып, өзге елдің ордасынан бірақ шыққан азамат қателескенін мойымдап, оған білімсіздік себепті барғанын айтып өкініш білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі