Е. Нүкежановтың қатысуымен онлайн семинар жасалды

Е. Нүкежановтың қатысуымен онлайн семинар жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚР Ақпарат және қоғаммен даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың қатысуымен ZOOM платформасында онлайн семинар өтті. 

"Дін саласындағы өзекті мәселелер" тақырыбында жасалған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған облыстық ақпараттық түсіндіру тобы, ҚАЖД мекемелерінде қосымша жұмыс жүргізітен имамдар мен қала және аудан мешіттерінің бас имамдары қатысты.

Іс-шарада теріс ағымның алдын алу, осыған арналған тұрақты жұмыс жоспарын бекіту сынды мәселелер қаралды. Сонымен қатар жат ағым ұстанушыларына, жалпы көпшілікке түсіндіру жүргізуге қатысты ұсыныстар айтылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: