Сарысу аудандық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орталық мешітте қыз-келіншектер арасында 21 күндік онлайн кәлима-таухид сайысы өтті.
Ең мықты зікір болған кәлиманы айтып, көрсеткіш көрсету жарысына 71 шәкірт қатысып, ауыз толтырып айтарлық нәтиже шықты.
Аса белсенділік танытқан нәзік жандылар додасында ұстаздардың ұйғарымымен орын саны 3 топқа бөлу арқылы жүзеге асырылды. Атап айтсақ, қыз-келіншектер, жасөспірімдер мен әжелер арасында. Жүзден жүйрік шыққандар төмендегідей жүлделі орындарды иеленіп, алғыс хаттармен марапатталды.
"Қыз келіншектер" тобы:
Бас жүлде - Бағила Шаянбаева;
1орын - Болатова Қырмызы;
2 орын - Гүлсім Аманғалийқызы
3 орын - Айдана Рыстанбекова
"Жасөспірімдер":
Бас жүлде - Мунира Гайбуллаева
1 орын - Аружан Алмабай
2 орын - Нафиса Асқар
3 орын - Лейла Таубай
"Әжелер" арасында:
Бас жүлде - Алтынбала Оразалина
1 орын - Жәмилә Жұмағұлқызы
2 орын - Күнсұлу Сырлыбаева
3 орын - Айгүл Тураева
Жасөспірімдер арасында ең жоғарғы көрсеткішпен ынталандыру сыйлығы:
Камал Гүлдана - 28 400 рет;
Бахытжан Кәусәр - 1 576 581 рет;
Балмұратова Жұлдыз - 754 855 рет.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі