Қоғамда түсінігі бұрмаланған, теріс бағыттағы діни көзқарастың бұрыс ұстарын, ата дінімізден айырмашылығын түсіндіру жұмыстары өз жоспарына сай жасалуда.
Осындай кезекті жиын Қордай аудандық өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлерімен өткізілді.
Кездесуге арнайы барған ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жат ағымдардың сипаттары мен ұстанымдары туралы сүбелі насихат айтты.
Діни білім аларда нені ескеру керек, кімнен алу керек сынды сауалдарға да жауаптар беріліп, дәйекті де дәлелді мысалдар арқылы түсініктеме жасалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі