Шу «Қамқор» локомотив жөндеу зауытында, Шу аудандық ДАТТ-ның мүшесі, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Б.Нұрлыханов деструктивті ұйымдардың сипаты және олардан келетін зардаптары тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Деструктивті діни ұйымы азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді, - дейді дін маманы.
Осыған орай деструктивті ұйым өкілдері өз уағыздарында бұрмаланған әртүрлі діни дәйек сөздерді келтіре отырып, өздерінің жолын әділ әрі ақиқат етіп көрсеткісі келеді. Алайда бейбітшілік пен бауырмалдыққа үндейтін шынайы діни сенімде адамдарға зұлымдық пен әділетсіздік танытуға, нақақтан жан иесін өлтіруге жол берілмейтіні түсіндірілді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.