Тараз шаһарының бас имамы Амантай Әбілдаұлының мұрындық болуымен қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің дін қызметкерлеріне қаржылай қолдау көрсетілді.
Жұмысын белсенді атқарып жүрген жас мамандарға жалпы 500 000 теңге көлемінде қаражат табысталды. Осы іс-шараның жүзеге асуына кәсіпкер себепші болды.
Алдағы уақытта бас имам асыл дініміздің қызметкерлеріне абыроймен қызмет атқаруына тілек білдіріп, дін қызметі елімізде тұрақты болуына имамдардың қосатын үлестерінің мол екендігін түсіндірді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі