#Жуалы ауданы: Әжелер алқасының жиыны өтті

#Жуалы ауданы: Әжелер алқасының жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының "Толымбайтегі  Зиябек" атындағы орталық  мешітте «Ережеп», «Шағбан», «Рамазан» айларының келуіне байланысты Әжелер алқасы мен ұстаз Жазира Полатқызының кездесуі болып өтті.

«Әжелер» мектебі төрайымы Бекзат әже құлшылықпен ғибататымыздың толық орындалып, Алла Тағала алдында дұға тілектеріміздің  қабыл болуын  Алладан сұрап бата жасады. Ұстаз  Жазира Иманалиева осы үш қасиетті айларда, әрбір мұсылман өз өміріне өзгеріс жасап, ғибадаттарын толықтырып, мейлінше сауапты істерге амал жасап жүруді насихаттады.

Кездесу соңында ұстаз «Құран хатым» жасап, Қазақ еліне береке мен ынтымақ, ден-саулық пен тыныштық тілеп дұға жасады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: