Қордайда әйелдер жамағатына түсіндіру жұмыстары жасалды

Қордайда әйелдер жамағатына түсіндіру жұмыстары жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кәмілет жасына толмағандардың отбасын құруының алдын алу жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев пен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы Қордай ауданына арнайы барып қайтты.

Аталған тақырыпта әйелдер жамағатымен өткен бас қосуда қыз өсіріп отырған аналарға сүбелі насихат айтылды. Гүлжан Серікқызы ақ жаулықтыларға кәмілет жасқа толмаған ұл-қыздардың отбасы құруының алдын алудың маңызын түсіндірді.

«Еліміздің заңы бойынша кәмілет жасы -18. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан осы қағидаларды ұстанып, басшыға бағынумыз міндетті. Оң-солын танымай жатып шаңырақ көтергендер балалықпен түрлі қиындықтарға төтеп бере алмай отбасы ойран болуда. Сондықтан балаларды алдымен отбасылық өмірге дайындап, кәмілет жасқа дейін қалыптастыру маңызды» - деп атап өтті облыстың бас ұстазы.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: