ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы Қордай аудандық Әжелер алқасымен кездесті. Алқа мүшелерімен танысу мақсатында жасалған жиында ұстаз ұйымның міндеттерін тілге тиек етіп: «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мешіт сабақтарымен шектелмей, дәстүрді қайта жаңғырту, қыз-келіншектерге қолдау көрсету, «қарағым», «шырағым» сынды жылы сөзбен өз қатарымызға қосу маңызды, - деп атап өтті.
Ақ жаулықты әжелер де сөз сөйлеп, бұрынғы әйелдер ердің алдынан есіп өтпегені сынды өнегелі өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Қыз-келіншектерге, жас жеткіншектерге үлгі-өнеге беруді басты мақсат етіп жүрген ұстаз сапар барысындағы іс-шараларда осы тәрбиелік мәні зор дүниелерді жеткізіп қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі