Забират анамыз дүние салды

Забират анамыз дүние салды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауытбек ауылының тұрғыны Алмаханова Забират Сматқызы 1938 жылдың 1-қаңтарында Өндіріс ауылында (қазіргі Абай ауылы) дүниеге келген. Аяулы анамыз сүйікті жары, Ұлы Отан Соғысының ардагері, Шу ауданының құрметті азаматы Алмаханов Дыбыс Ахметұлымен 1956 жылы шаңырақ көтеріп, 11 перзент сүйіп, «Батыр ана» медалімен марапатталды.

Асқар тау әкемізбен аяулы анамыз ұлдарың ұяға, қыздарын қияға қондырып, өсірді. Балалардың тәрбиесімен айналысқан анамыз, колхоздың шаруашылығына да араласып жүріп, ауылына, еліне сыйлы болды. Анамыз зейнетке шығып, ұл-қыздарынан немере, шөбере сүйіп, оларға аналық махаббатын төге білген жан еді. Осы жылдың ақпан айының 14-ші жұлдызы 84 жасқа қараған шағында өмірден озды. Көңілі дарқан, ақылы асқан анамыздың жарқын келбеті мәңгі есімізде.

Шу аудандық "Төле би" мешіті және ауыл имамдары Забират анамыздың артында қалған бала-шағаларына, туған-туыс пен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Алла сіздерге көркем сабырлық бергей. Алла апамызды алдынан жарылқағай. Әмин.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: