Тараздық белсенді имамдар марапатталды

Тараздық белсенді имамдар марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз шаһарында орналысқан 32 мешіттің имамдарымен жиналыс өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Амантай Садиев басшылық етті.

Бас қосуда бес уақыт намазда имамдыққа шығып, жамағатпен жүздесу жөні қадағаланып, нәтижесі тілге тиек болды. Аймақтық имамдарға өздеріне қарасты мешіттерді қадағалау тапсырылды. Кей мамандарға ескертулер берілді. Сондай-ақ шарада дін  қызметкерлеріне жігерлендіру болған көпшілікпен тілдесіп, намаздарда имамның өзі болуының пайдасы жеткізілді.

Бас қосуда "Әдеп кеңесінің" мүшесі Абдужаппар Әмір имамның тұлғалық келбеті, әдеп, тәртіп, киім үлгісі жайлы сөз қозғап, үгіт айтты. Әйелдер жамағатының жұмысы, онлайн уағыз-насихат, дәрістер, жат ағым жұмысы, мешіттің ішкі қызметі туралы тілге тиек болды.

Жиналыс соңында ерекше белсенділік танытып, нәтижелі жұмыс көрсеткен имамдарға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаты табысталды. 

Марапатқа ие болған мамандардың ішінде "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Әміреев, "Құлбай баба" мешітінің имамы Амангелді Ембергенов, Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бар.

Ал тапсырмаларды дер кезінде орындап, қызметінде белсенді әрі үздік болып жүрген имамдар облыс имамы Бейбіт Әліпбекұлының алғыс хатымен және қаржылай сыйлығымен Дилмұрат Мадалиев "Шәкіржан ата" мешітінің молдасы, Таир Салиев "Миразиз ата" мешітінің имамы,  Жорабек Акилов "Тохта бибі" мешітінің имамы және  Қасымжан Бектаев "Әбу Бәкір Сыддық" мешітінің имамы,  Айдос Әшір "Құрал қажы" мешітінің имамы,  Ғазиз Мадыбаев "Сейдуаш ата" мешітінің имамы марапатталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

src="https://media.asyldin.kz/upload/Photo/Photo-1613646711-39196.jpg" alt="" />

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: