Мейірім - Алла тағаланың адамзат жүрегіне сыйлаған ұлы қасиеті. Осы бір мейірім шуағы адам мен адамды сыйластырып, қоғамның мәдениетін аспандатып тұрады.
Бұл мейірім дәнін себу үшін Қордай ауданында "Жақыныңа жылу сыйла" қайырымдылық науқаны өтіп, оған Сортөбе ауылының 13 мешіті ұйытқы болды.
Игі шарада 60 адамға азық-түлік, аяқ киім, киім-кешек сынды көмек түрлері жасалып, жалпы 750 мың теңге қаражат жұмсалды.
Іс-шараға аудан имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысып, отбасыларға қайырымдылық пакеттерін табыстады. Ал көмек алғандар шын жүректен алғыстарын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі