Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы Сансызбай Махамбетқұловпен жүздесті.
Ауданның «Шұғыла» газетінің арнайы бетінде «Дінін тұрсын – дін аман» және «Имандылық иірімдері» арнайы айдарлар бар. Онда діни мақалалар, уағыздар шығып тұрады. Мешіттер мен кәсіпкерлер қайырымдылық жасаған жұмыстарын газетке шығатын болса «Қайырымдылық», «Жақсылық жаса» атты шығатын арнайы айдарлар да бар екенін жеткізді.
Ауданның бас имамы аудандық газетке шығатын діни мақаларды және іс-шараларды үзбей шығарып тұрған бас редактор Сансызбай Махамбетқұловқа өз алғысын білдірді.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі