Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Дәурен Нұржанұлы №47 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Жастармен өткен келілі бас қосуда діни сауаттылық, иммунитет қалыптастыру мақсатында әрбір мұсылманның білуі тиіс дүниелері тілге тиек болды.
"Терроризм мен экстремизмның себептері" тақырыбында өрбіген келісті әңгіме барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
"Жат ағымның жетегінде кетпеу, көз байланып қалмас үшін нені білу керек?" деген сауалға жастар дін маманынан толыққанды дәйекті түсініктемелер алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі