Шу ауданында орналасқан «Д.Қонаев» мешітіне Құлыбек Ердаулет ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен имам болып тағайындалды.
Жас келсе іске демекші, Құлыбек Ердаулет Жамбыл облысы, «Һибатулла Тарази» медресесінде тәлім алып, 2015 жылдан бастап, осы күнге дейін, аудандық «Төле би» мешітінде ұстаздық қызметті атқарды.
Жаңа имамды Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні арнайы «Д.Қонаев» мешітіне іс-сапармен барып, жиылған жамағатқа «мешіт әдебі мен санитарлық талаптарды сақтау» керектігі жайында сөз өртбітті. Сөз соңында жаңа тағайындалған имамды таныстырып, ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқыды. Тағайындалған имамға жүктелген тапсырмаларды дер кезінде орындауы керектігі сөзге тиек етіліп, ісіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, мешіттің тыныс-тіршілігін көріп, алдағы уақытта орныдалу керек болған тапсырмаларды басты назарға алды. Ауыл тұрғындары алдағы уақытта мешіттің жанынан үш бөлмелі қызметтік үй соғатынын жеткізді.
Айта кетейік, мешітке газ құбыры тартылып, мешіт көгілдір отпен қамтамасыз етілді.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.