Жамбыл облысында Қазақстан бойынша халал өнімдердің 25-30 пайызы өндіріледі. Осы кәсіпорындар маусымдық тексерістен өтіп отырады.
Кезекті тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жасақталған комиссия мүшелерінің құрамында Елордадан ат артып келген "Халал даму" ветеринар ісінің маманы Данияр Сафиев, "Халал даму" бойынша Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов, Тараз қаласы бойынша "Халал" өкілі Асылхан Нұрмаханұлы, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев болды.
Комиссия шұжық цехтарына ат басын бұрып, кәсіпорындардың құжаттарын, қоспаларын, тағам нормасын тексеріп шықты. «Сарыбас» цехынан бастаған мамандар Жамбыл облысында орналасқан 30 цехты аралады. Әр кәсіпорынның қызметкерлерін жинап, халал жөнінде, асты дайындаудағы тазалық турасында насихат айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі