«Парасат жолы – адалдықтан басталады»

«Парасат жолы – адалдықтан басталады»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында еркін форматта «Жұмадағы жүздесу» шарасы өткізілді.

Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қ.Төлендиев, департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, ғылым кандидаты, С.Исматова, Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, «Талдау» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Әлмұратов, Жамбыл облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының төрағасы Е.Мағзымбеков, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім басшысы А.Шайділдаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің үйлестірушісі А.Жақсылықов, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысының м.а. Ж.Зұлпыхар, «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі А.Жақсылық қатысты.

Кездесу барысында Ержан Маханұлы парасаттылықтың, иба, әдептің исламдағы түсініктемесі, дәстүріміздегі орны жайлы тілге тиек етті. Қ.Төлендиев «Парасат жолы» жобасы бастау алғандығы, жоба аясында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау керектігін және жобаның алдағы уақытта тұрақты түрде өтіп тұратынын жеткізді. Р.Төлебаев әр кездесуді белгілі тақырып аясында өткізуді және шараға жастарды да шақыру қажеттігін айтты. Штаб өкілдері мен шараға қатысушылар аталған жобаның бүгінге қажеттігі туралы және бұл жобаны облыстың барлық ауданында ұйымдастыру керектігі туралы айтты. Шара соңында департамент өкілдеріне қатысушылар тарапынан бірнеше ұсыныс жолданды.

Айта кетерлігі «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: