Бүгін қасиетті жұма күні Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы арнайы іс-сапармен Бірлік ауылы, "Бірлік" мешітінде болып қайтты.
Аудан имамы "Бірлік" мешітінде соғылып жатқан асхана құрылысымен танысып, мешіттің тыныс-тіршілігін көріп, ауыл әкімі Ербол Қосақов мырзамен және ауыл ақсақалдарымен ақылдаса келе, мешіттің жанынан қызметтік тұрғын үй соғу керектігі сөзге тиек етілді. Алдағы уақытта дін қызметкеріне үш бөлмелі үй соғылатын болып шешілді.
Сонымен қатар, мешітке келген ауыл ақсақалдары көпшілікпен жұма намаз оқып, бас имамның құтпасын тыңдады.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі