Қордай ауданында "Берекелді жұма" науқаны тағы да өз жалғасын тапты. Берекесімен қоса мерекесін алып келіп әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларды қуантатын қайырымдылық шарасы бұл жолы балалар мен ата-аналарының жүзіне күлкі сыйлады.
Өңір имамдары мектеп жасындаға 16 ұл-қыздарға аяқ киім, сырт киім, спорттық киім мен балдырғандарға арналған киімдер алып берді. Жаңа киім кидік деп сөмке көтерген балалар мен аналары шынайы алғыстарын айтты.
Жаратқан иеміз көптеген аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» дейді.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасына жалпы, 220 мың теңге қаражат жұмсалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі