Қордай: Аудан имамы мектеп оқушыларымен кездесті

Қордай: Аудан имамы мектеп оқушыларымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы аудан орталығындағы мектептің 10-11 сынып оқушыларымен жүздесу өткізді. Терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында "Дұрыс имани иммунитет қалыптастыру" тақырыбын арқау еткен игі жиын болашағымыз болған жастардың көкейіндегі көптеген сауалдарға жауап болды. 

Теріс бағыт деген не, оны қалай ажыратуға болады, дәстүрлі дінімізден айырмашылығы қандай, қайтсек біз жат ағымның құрығынан қорғана аламыз сынды мәселелер көтеріліп, мысалға толы, дәйекті түсіндіру жұмысы жасалды. 

Дін — мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – біз ұстанған ислам дінінің басты мұраты, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: