ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бүгін сағат 09:00 де шұғыл түрде онлайн жиналыс өткізді. Жиналыста ауылдық мешіттерде жұма намазы оқылатынын айтып сүйіншіледі.
Мешітке келген жамағатты арақашықтық сақтап, ҚМДБ-ның берген талабына сай өткізу керектігі қатаң тапсырылған болатын. Жамбыл ауданында ауыл мешіттерінің имамдарына жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, санитарлық нормаларға сай ауыл мешіттерінде жұма намазы оқылды.
Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы Қаракемер ауылдық «Қаракемер» мешітінде жұма намазын өткізді. Мешіт жамағаты жұма намазы оқылғанына қуанып, рұқсат берген ҚМДБ-ға өз алғыстарын білдірді.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі