#Жамбыл: Мешіт жолда қалушыларға жағдай жасауда

#Жамбыл: Мешіт жолда қалушыларға жағдай жасауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының іс-басқарушысы Халит Қожахметовтың тапсырмасына сәйкес, жол бойында орналасқан мешіттердің жолаушыларға жағдай жасауы қарастыру тапсырылған болатын. Осыған орай, Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы Айша бибі ауылында мешіт жолдың бойында орналасқандықтан дәретханасын, ішкі-сыртқы тазалығын жеке тексеріп, жанындағы ескі мешіт ғимаратын аралады.

Аталған мешіттің имамы Қатарбай Таджибаев Алла үйінің жанында қызметтік үй барын, ауыл жастары мен ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мешіттің дәретханасын заманауи жабдықтарға сай етіп, қайта соғатынын, ал мешіт жанындағы ескі мешіт ғимаратын асхана қылуды қолға алғандарын айтты.

Ауданның бас имамы қысты күні жолда қалған жолаушыларға, мешіттен ыстық тамақ беріп, жағдай жасап, әрдайым қызмет еткен ауыл тұрғындарына, ауыл имамына алғысын айтты. Сонымен қатар, жолда қалған жолаушыларға арнайы демалатын орын керектігін айтып, атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Серік Нұркелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: