Медресе-колледж ұстаздары марапатталды

Медресе-колледж ұстаздары марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің оқытушылары арнайы біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат алды. Марапатқа «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Қанат Жұмағұл, оқытушылар: бас имам Бейбіт Мырзагелдиев, Нұрсұлтан Маметбай, Аманкелді Бірлік, Жарбол Ақжігіт, оқу орнының әдіскері Меруерт Құрманбаева ие болды.

"2021 жылғы 12-16 қаңтар аралығында 36 сағат көлемінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында модульдік-құзыреттілік тәсілді іске асыру барысынды оқу процесін жобалау және ұйымдастыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің және басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өтті" - деп жазылған сертификат мәтінінде.

Құжатты медресе директоры Қанат Әділханұлы табыстап, ұстаздарға жемісті, нәтижелі жұмыс, отбасыларына береке тіледі.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: