Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Еспенбетов ауыл мешіттерін аралап, тұрғылықты халықпен кездесулер өткізді.
Қазіргі таңдағы ауыл мешіттерінің жағдайын бақылап, жәй-жапсарларымен танысқан аудан имамы өз сөзінде: "Әр-бір іс ақылдаса, біріге істелсе бітпейтін жұмыс жоқ" - деп жеткізді.
Ауыл тұрғындарына діннің құндылықтарын баяндап, жақсы амалдардың көптігі, жақсылықтарға жету жолында көркем сабырдың қажет екендігін айтып өтті. Имамға сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алды.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі