Бүгін еліміздің жасыл аймақтарында орналасқан ауылдық жерлерде алғашқы жұма намазы басталып, көптен күткен жұма азаны жүректерде жаңғырды.
Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Байзақ ауданы Айман төбе ауылына барып, жамағатты ұйытып жұма намазын оқыды.
Еліміздегі эпид-ахуалға байланысты бұл уақытқа дейін жұма намазы оқылмай келгені баршаға мәлім. Карантин талаптары жеңілдетіліп, жамағаттың көптен бері алғаш рет оқыған жұмасы бұл. Жүрегі Алла деп соққан жұртшылықтың мешітке келу әдебі, сақтық шаралары қатаң қадағаланды.
Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы намаздан соң Кеңес және Мырзатай ауылдарына ат басын бұрып, үш мешіттің де ғимаратын, ауласын аралап, имамымен тілдесіп қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі