Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев аудан имамдарымен шұғыл жиналыс өткізіп, сүйінші хабар жеткізді. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен онлайн мәжілісте мәлімделді.
Осыған орай, жиында бүгінгі жұмадан бастап, «жасыл аймақта» орналасқан ауылдық мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазын өтеуге рұқсат берілгені айылды. Карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуге байланысты жұма намазы адам көп шоғырланған қала мешіттерінде, аудан орталықтарында оқылмайды.
Бас қосуда жұма намазын жүргізуге қатысты қатаң талаптар тілге тиек болып, бас имам Бейбіт Әліпбекұлы имамдарға жұма намазы кезінде сақтық шараларын жеке бақылауды, санитарлық талаптардың орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.
Жұма намазын өтеу үшін мешітке келушілер мына қойылатын талаптарды ескеруі керек:
-
Мешітке, міндетті түрде бетперде тағып кіру;
-
Мешіт кіреберісінде арнайы антисептик заттарын пайдалану;
-
Дәретті барынша үйден алып келу;
-
Мешітке өз жайнамаздарын ала келу;
-
Мешіт ішінде белгілі арақашықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау;
-
Намаз оқығанда арақашықтық 1 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу;
-
Мүмкіндігінше сүннет намаздарын үйде оқу;
-
Мешіт ішінде ұзақ уақыт қалмау;
-
Дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар мешітке келмеу;
-
Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің сақтық шарасы ретінде мешітке келмегені жөн;
-
Науқас жандардың сақтық тұрғысынан мешітке келмегені дұрыс.
Жұма намазы оқылатын мешіттерге қойылатын талаптар
-
Келушілерді арнайы дене қызуын өлшеу құрылғысымен тексеріп кіргізу;
-
Мешіт кіреберісі мен ішіне арнайы тазалағыш антисептиктер, маскалар қою;
-
Мешіттің толымдылығын 30%-дан асырмау;
-
Мешіт ішін 1 метр арақашықтықты сақтай отырып арнайы сызып қою;
-
Парыз намаздарында қысқа сүрелер немесе қысқа аят оқу;
-
Мешітке келген жамағаттың ұзақ уақыт мешітте болмауын ескерту;
-
Мешітте қол алыспау;
-
Күн ара намаз оқу залдарына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
-
Мешіт қызметкерлері санитарлық талапқа сай бетперде мен медициналық қолғапта болу;
-
Мешітке келушілерге қойылатын талаптардың мешіт кіреберісінде іліп қою;
-
Санитарлық талаптарды қатаң сақтау;
-
Жұма уағызын уақытша айтпау, уақытша жамағатпен бірге таспі тартпау;
-
Мүмкіндігінше оң түстік аймақатағылар намазды сыртта оқу;
-
Өзгелердің қауіпсіздігі үшін барынша сақтық шарасын ұстану.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі