Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажының басшылығымен аудандық мешітте ауыл имамдардың қатысуымен келелі бас қосу болып өтті. Аталмыш жиында ҚМДБ және облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен келіп түсетін тапсырмаларды дер кезінде орындау керектігі басты назарға алынды.
Аудан имамы Рамиз Азизов жиналысқа қатысқан ауыл имам-молдаларға осы жылы 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратындары жайында, оның мән жайын айтып, тапсырмаға мұқият болып, тиянақты орындауларын жүктеп, биылғы жылы атқаратын жылдық жоспар баяндалды. Сондай ақ, жиын соңында «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» атты кітапша түсіндірілді.
Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі