Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің жанында 2 жылдан бері «Қамқор» дүкені жұма сайын жағдайы төмен екі отбасыға қайырымдылық жасайтын. Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы аудан кәсіпкерлерімен жолығып, қазіргі таңда дүкенге демеушілік жасап тұрады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Зекет" қорының өкілі Ержан Аманбаевтың тапсырмасымен Жамбыл ауданы «Берекелді жұма» науқанын бастап кетті. Науқан аясында мешіт жанындағы «Қамқор» қайырымдылық дүкені 3 отбасыға қайырымдылық жасады. Сонымен қатар Аса ауылының «Бауыржан» дүкені апта сайын 20 адамға тегін нан таратады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі