Бүгін Қордай ауданында қасиетті жұма күніне орай бас көтерген "Берекелі жұма" науқаны өз жалғасын тапты. Аудан бойынша көлемді қайырымдылық жасалып, 35 отбасыға азық-түлік таратылды. Сонымен қатар 1 ірі қара сойылып, еті осы отбасыларға толықтай үлестіріп берілді.
Көпшілікті қуанышқа бөлеген игі шараға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен ауыл имам-молдалары және тұрғындар қатысты.
Бас имам көпшілік алдында "жұма" күнінің қасиеті, "қара жұма" ұғымын "берекелі жұма" атауына алмастырудың мәні турасында тұщымды насихат айтты.
Айта кетейік, өңірдегі көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен 35 жанұяның берекесі болған игі шараға 750 мың теңге қаражат жұмсалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі