Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Еспенбетов "Асыл діннің құндылығы" атты насихат жұмыстарын бастады. "Насихат жолы" жұмыс кестесіне сай кездесу Мойынқұм ауылдық әкімшілік, СЭС және Мойынқұм коледжінде өтті.
Имам дін мен дәстүрдің ұштасуы, шариғаттағы зираттардың көрінісі және жастарға ихсан ілімін түсіндіріп өтті.
Алдағы уақыттарда ауданға қарасты ауылдарды аралап, асыл діннің құндылықтарын түсіндіру жұмыстары жалғасын таппақ.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі