#Жамбыл: Мешіт жамағаты марапатталды

#Жамбыл: Мешіт жамағаты марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің белсенді жамағаты Тойшыбек Ошанұлы мешітке сіңірген еңбегі үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің «Дін жанашыры» алғыс хатымен марапатталды.

Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы өз сөзінде Алланың үйі мешітке әрдайым қол ұшын созу - бұл әрбір мұсылманның міндеті екендігін тілге тиек етіп, алғыс хатты табыстады. Тойшыбек Ошанұлына өз ізгі тілектерін жеткізіп:  "Алла жолындағы сауапты істеріңіз қабыл болсын, атқарып жатқан игі жұмыстарына береке мен жанұяңызға амандық пен деніңізге саулық тілеймін" - деп өз разылығын білдірді.

Серік Нұркелді

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: