Таразда 2 бірдей кәсіпорын "Халал даму" сертификатын алды

Таразда 2 бірдей кәсіпорын "Халал даму" сертификатын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күн санап халал тағамға деген сұраныс та, ұсыныс та артып келеді. Оның ішінде Жамбыл облысы бүкіл Қазақстан бойынша халал өнім өндіруде алдыңғы қатарда. Бүгін осы бағытты қуаттап тағы да 2 кәсіпорын "Халал даму" сертификатына ие болды.

Оның бірі "ИП Хамракулов" атаулы сыр, шұжық өнімдерін шығарушы болса, екіншісі "ИП  Сайдазимов" жартылай фабрикат өнімдерін жасаушы өндіріс.

Екі кәсіп ордасына ҚМДБ "Халал даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразизов арнайы барып қатты. Лабараториялық тексеру жұмыстарынан соң, ғимараттардың тазалығын тексеріп, ішін аралаған маман өндіріс орнына "Халал" сертификатын табыстады. Жұмыстарына сәттілік айтып, әрдайым адал, таза кейпінен айнымай, халықтың сүйікті асын шығарушы орын болуын тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: