#Шу: Ауыл имамдарының жиналысы өтті

#Шу: Ауыл имамдарының жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу ауданындық Төле би мешітінде жылдық жоспар баяндалды.

Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының бастамасымен, аудандық мешітте ауыл имамдардың қатысуымен келелі бас қосу болып өтті. Аталмыш жиында ҚМДБ және облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен келіп түсетін тапсырмаларды дер кезінде орындау керектігі басты назарға алынды.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы жиналысқа қатысқан ауыл имам-молдаларға осы жылы 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратындары жайында, оның мән жайын айтып, тапсырмаға мұқият болып, тиянақты орындауларын жүктеп, биылғы жылы атқаратын жылдық жоспар құрылып, баяндалды.

Жиынға қатысқан дін мамандары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Сондай ақ, жиын соңында «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» атты кітапша таратылып, арнайы тапсырыспен тігілген зекет қорының желеткесі табысталды.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: