#Жамбыл: Жиғаныңа сенбе - иманыңа сен!

#Жамбыл: Жиғаныңа сенбе - иманыңа сен!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының жастары өңірдің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлымен жүздесті. 

Игі істерде бастамашы болып жүрген дін маманы аудандық Жастар сарайына жиналған көпшілікке тәрбиеге толы насихат, тартымды әңгіме айтты.  

Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе –руханият. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «имани-гүл» деп ат береді. Иманның адам өмірінегі маңызын түсіндіру мақсатында "Кәлима-шаһадат" тақырыбында өрбіген әңгіме саналы жас ұрпақтың көкірек көзін оятып, рухына серпіліс бермей қоймады. Ерекше әсерленген жастар көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптарын алып тарқасты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: