#Қордай: Жылдық жоспар талқыланды

#Қордай: Жылдық жоспар талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында өңірдің бас имамы Асқар Зәкіржанұлының басшылығымен ауыл имамдарының жиналысы өтті. Жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген және Жамбыл облысынан жүктелген тапсырмалар түсіндірілді. 

Бас имам ауыл имамдарына алдағы уақытта жұмыс бағыты 7 арнада өрбитіні жайлы тілге тиек етіп, 2021 жылдың жоспары қаралды. 

Муфтиятта құрылған "Әдеп" кеңесі, оның мақсаты жайлы сөз болып, рухани көшбасшы болып жүрген дін мамандарының сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім киісі жайлы құжат дайындалғанын да айтып өтті. Мешіттердің хал-ахуалы, тазалығы да назардан тыс қалмады. "Бұл жылы атқаратын жұмыс көлемі тағы арта түсті. Біз үшін маңыздысы нәтиже. "Бірлесіп пішкен тоң келте болмас" дейді халқымыз. Сондықтан қандай жағдай болмасын кеңесіп, хабар беріп отыруды ұмыт қалдырмаңыздар," - деді аудан имамы өз сөзінде. 

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: