#Қордай: "Берекелі жұма" науқаны Қордай ауданында жалғасын тапты

#Қордай: "Берекелі жұма" науқаны Қордай ауданында жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамдағы "Қара жұма" ұғымынан арылып, қасиетті жұма күнінің атауын игілікке алмастыру мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Зекет" қорының бастамасымен өткен "Берекелі жұма" науқаны Қордай жерінде жалғасын тауып, қолдау көрсетті.

Игі шара ауданға қарасты Кенен, Үлкен сұлутөр, Қаракемер, Қарасай, Қордай ауылдарында өтті. Көпбалалы, жалғызбасты, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізілді. 

 Шынында, жұма күні Алла Тағала адамзаттың атасы Адамды (ғ.с.) жаратты. Жұма күні Адам (ғ.с.) жұмаққа кірді. Осы күні Адам (ғ.с.) жұмақтан шығарылып, жерге түсірілді. Бұл оқиғалардың бәрі діни кітаптарда кеңінен баяндалған. Сондықтан осындай қасиетті күнді насихатап, "Берекелі жұмада" қайырымдылық жасауды дін мамандары бастап күнтәртібіне қойды. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: