1 курс студенттеріне "Зияткер имам" құжаты таныстырылды

1 курс студенттеріне "Зияткер имам" құжаты таныстырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 1 курс студенттерімен кездесу өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен "Зияткер имам" құжаты түсіндірілді. 

Шараға қатысқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев имамның қазіргі келбеті, Құранға деген құрмет қандай болу керек атты тақырыпта насихат айтса, оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл имамның біліктілігі қандай болу керек, қазіргі уақытта дін маманы қандай саладан хабардар болуы тиіс деген сұрақтарға жауап беретін сүбелі уағыз айтты. 

Айта кетейік, өткізілген жүздесу карантин талаптарына сай тек 1 курс студенттерін ғана қамтыды. Жиын соңында барлық шәкірттерге Алланың Кәләмі Құран сыйға тартылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: