Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылына қарасты аудандық «Толымбай тегі Зиябек» орталық мешітінде "Әжелер алқасының" мүшелерімен кездесу болып өтті. Жиында мешіт ұстазы Жазира Полатқызы өзін таныстып, насихат айтты. Ал Әжелер алқасының жетекшісі Бекзат апа бата берді.
Ұстаз Жазира Полатқызы білім құндылығының алтын қазына екенін түсіндіре келе, ауыл тұрғындары және жастарды Құран әліппесін бастап, нық білім алып, Құран оқу сайыстарына да атсалысуға шақырды.
Әйелдер жамағатымен тәтті шай ұйымдастырылып, қазақ халқы үшін тыныштық пен саулық тілеп, Құран Хатым дұғасы жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі