"Зекет" қоры апта сайын "Берекелі жұма" қайырымдылық науқанын жасайды

"Зекет" қоры апта сайын "Берекелі жұма" қайырымдылық науқанын жасайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ», – деп хабар береді. Алайда қазіргі қоғамда сауда жүргізу үшін "Қара жұма" деген тіркесті барлық ірі дүкендер қолданады. Халқының көпшілігі мұсылман, ата-бабасының тарихынан исламды ұстанып келе жатқан қазақ елінде Алланың қасиетті деп берген жұмасын "қара" деп атау әбестік болмай немене? 

Мұсылман баласы үшін әр аптада мереке бар. Ол - күндердің сұлтаны жұма. Шынында, жұма күнiнiң қасиеттерi жайындағы хабарлардың бiрiнде: «Алла Тағала әр жұмада алты жүз мың адамды тозақтан босатады», – деп айтылады. 

Жұманың қасиетін айта берсек, сөз таусылмас. Алайда осыншама қасиетке ие жұма атауын "қара" деуден қашан арыламыз? Қоғамдағы бұл мәселеге өзгеріс енгізу мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Зекет" қорының өкілдігі әр аптаның жұмасында "Берекелі жұма" қайырымдылық науқанын өткізбек. 

Бүгін аталған қордың облыстағы өкілі Ержан Аманбаевтың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы басталып та кетті. Науқан аясында "Батыр аналарға" азық-түліктей көмек көрсетілді. Ержан Маханұлы көпбалалы жанұяларға азық толы себеттерді өз қолымен табыстап, "Берекелі жұма" ұғымын насихаттап қайтты.  

Бұл бастама келесі аптада да өз жалғасын таппақ. Жұма күнi аспандағы құстар да бiр-бiрiне жолыққан уақытта «Жақсы күннiң жақсылығы болсын», – деп сәлемдеседі. Исі мұсылман адам баласы, ендеше, сіз де "Берекелі жұманы" әрбір жүрекке жаттатуға үлес қосыңыз! 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: