#Қордай: Сортөбе ауылының кілемі жаңартылды

#Қордай: Сортөбе ауылының кілемі жаңартылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылдық мешітінің тозығы жеткен кілемі ауыстырылды. 

Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен аталған "Мисбахул Ислам" мешітінің имамы Хия Двумар демеуші жұмылдырып, Алла үйіне осындай сый жасады.

«Расында Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, сондай-ақ намаз оқып, зекет берген және тек Алладан қорқатын (пенде) ғана тұрғызады. Міне олар шын мәнінде тура жол тапқандар» дейді Қасиетті Құранда.

Сонымен қатар, Айша (р.а.) анамыз: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ауыл аймақтарда мешіт салынуын, олардың таза ұсталуын және хош иіспен жұпарлы болуын әмір етті» деген хадис бар.

Мешітке кішкене болсын жағдай жасаудың өзі Алла алдында үлкен сауапты амал. Алла ел азаматтарының игілігін қабыл етсін!

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: