Жамбыл имамдарының мәжілісі өтті

Жамбыл имамдарының мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстың рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде өңірдегі қала, аудан имамдарының жиналысы жасалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев басшылық еткен жиынға әр ауданның бас имамдары мен облыстың наиб имамдары, мешіт іс басқарушы, бас имамның көмекшісі, облыстық мешіт ұстаздары, мешіт азаншысы, медресе оқытушысы, мешіт есепшісі мен кассирі қатысты.

Шара барысында бас имам 13 қаңтарда өткен Төралқа жиналысында көтерілген мәселелерді жеткізді. 2021 жылдың жұмыс жоспарын сөз етіп,  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жүктеген тапсырмаларды аудан имамдарына түсіндірді. 

Бейбіт Әліпбекұлы: "Осы уақытқа дейін 4 бағыт бойынша жұмыс атқарып келдік. Бұл жолда жасалған жемісті жұмыстар ауыз толтырып айтарлық. Енді ол кеңие түсіп, алдағы уақытта 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратын боламыз: ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту, ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс," - деп биылғы жылдағы басты қадау-қадау бағыттарды нақтылап берді. 

Сонымен қатар еліміздегі діни ахуалға байланысты жасалатын жұмыстар, олардан шығаруға тиісті нәтиже тілге тиек болып, мешіт қызметкерлерінің этикасы, "Әдеп" кеңесі, оның мақсаты жайлы тілге тиек етті. Бас имам дін мамандарының сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім киісі жайлы құжат дайындалғанын да айтып өтті. Дін маманы руханиятымыздың келбеті болғандықтан әрбір іс әрекетіне аса назар аударылуы тиіс.

Жиында "Уақып" қорына қатысты мәселелер жеткізіліп, имамдарға нақты талаптар қойылды. Сондай-ақ жамағатпен онлайн түрде де, БАҚ беттерінде де байланысты болу жүктелді. Ақпарат ағынының қарыштап дамыған кезеңінде сапалы, дұрыс діни мағұлматтың халыққа қол жетімді болуы абзал. 

Жиналыста облыстағы діни саланың әр бағытына жауапты мамандар баяндама жасап, биылғы жылы жасалуға тиісті шараларға басымдық берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: