Қордай ауданына қарасты Қарасу ауылы "Әбу Бәкір" мешітінің кілемі жаңартылды. Жер бетіндегі ең таза орын мешітке жасалған жағдай Алла алдында да бағалы.
Мешіттің хал-ахуалына, тазалығына көңіл бөлу тек қызметкерлеріне ғана емес, әрбір мұсылманға міндет.
Аталған тозығы жетіп, біраз жыл қызметін жасаған кілемді ауыстыруға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Зекет" қорының өкілі Ержан Аманбаев пен ауданның бас имамы Асқар Зәкірбаевтың ұйытқы болды.
Көпшіліктің келіп намаз оқып, маңдайын сәждеге қоятын жайнамаз-кілемі бұл. Бүгін су жаңа кілемді дін мамандары мен жамағат төсеп, демеушілерге алғыс білдірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі