ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева Сарысу ауданына арнайы іс-сапармен барып қайтты.
Өңірдің қыз-келіншектерімен жүздесіп, жамағаттың ауызбіршілігін нығайту, кездесіп, сұқбат құру, аудандағы ұстазбен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында барған ұстаз келілі жиын жасады.
Жаңатас қаласындағы "Әбу Бәкір Сыддық" мешітінде өткен іс-шарада ақ дастархан жайылып, ас үсті көркем уағыз айтылды. Бауырмалдық, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезі, адамдармен араласуы жайлы сүбелі насихат, аталы сөздер тілге тиек болды.
Жиыннан соң Гүлжан Серікқызы мешіт ұстазына тапсырмалар берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі