Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» деген өсиеті бар. Игілік жасауды басты бағыттарының бірі еткен "Зекет" қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық "Тайқазан" жобасы аясында Жамбыл облысында "ҚМДБ - Қайырымдылық жаршысы" атты марафоны бас көтерді.
Аталған қайырымдылыққа үн қосып Жуалы ауданына қарасты барлық ауыл мешіттерінің атсалысуымен 78 отбасыға көмек көрсетілді.
Әлеуметтік жағайы төмен, жалғызбасты, көпбалалы жанұялар көрсетілген қайырымдылық жәрдемі үшін алғыстарын білдірді.
Шараға ауданға қарасты ауылдар да атсалысып, жалпы - 600 250 теңге қаражат жұмсалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі