"Халал Даму" сертификатына Тараз шаһарынан шығатын тағы бір өнім ие болды. "Асату" атты жайма шығаратын цехке толық тексеру жұмыстары жасалды. Құжат мерзімі біткен өндірістің тазалығы, өнімдерінің құрамы қаратылып, сертификатты қайта жаңартты.
Оны табыстау үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал стандарттау" бөлімінің өкілі Нұрматжан Миразизов арнайы барып қайтты.
Кәсіпорынды аралап, ұжымына сәттілік тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі