Дубай мангал мейрамханасы "Халал" сертификатын алды

Дубай мангал мейрамханасы "Халал" сертификатын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл санап елімізде халал тағамдар мен орындарға деген сұраныс артып келеді. Осыған орай, "Халал стандартына сай" деген ҚМДБ-ның сертификатына өтініш берушілердің де қатары көбейді. 

ҚМДБ "Халал Даму" ұйымы республика бойынша арнайы мамандармен жұмыс жасайды, барлық өнімді лабараторияда тексеріп, нәтиже шығару үшін шариғат талаптарына сай, сай еместігін қатаң қарайды. Сонымен қатар мерзімге сай тағы тексерістерді жүргізіп отырады. 

Осындай талаптарға сай деп танылып, Тараз шаһарында тағы бір дәмхана сертификатқа ие болды. 

Әл-Фараби көшесінен ашылғалы отырған "Дубай мангал" мейрамханасының өнімдері стандартқа сәйкес. Талдау нәтижелерінен соң өз көзімен көріп қайтқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал стандарттау" бөлімінің өкілі Нұрматжан Миразизов мейрамхана басшылығына сертификатты табыстады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: