Кемел дініміз исламда барлық нәрсе толық қамтылған. Соның ішінде, Жаратқанға жалбарынып, дұға қылудың әдебі, реті, яғни, мұсылманның өмірінде орын алған әртүрлі жағдаяттарда оның қалай әрекет етуі керектігі, Жаратқанға қандай сөздермен жалбарынып, жәрдем тілеуі керектігі – барлығы толық баяндалған.
Дұға - мұсылманның қаруы. Дұғаның исламдағы орны орасан зор. Себебі, дұға мұсылманның Жаратушысына толық бойсұнғандығын, Оған толық тәуелді екендігін білдіреді. Адамды кез келген жағдайда Раббысын ғана еске алып, Одан ғана жәрдем тілеуге, Жаратушысымен жақын болуға тәрбиелейді. Дұғаның зор хикметі де осында жатса керек.
Мұны ұғынып, жақсы білетін Қордай ауданында 62 мешіт бір мезетте, бірге ел амандығы, берекесі мен игілігі үшін дүұға жасады. Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлының бастамасымен өткен іс-шараға дін мамандары мен барша жамағат қатысты.
Аллаға тағала "Құлым қолын жайып сұраса, бос қайтаруға ұяламын!» деген. Алла Тағала, баршамызды дұғасы қабыл болар тақуа құлдарының қатарынан етіп, әр істің қайырын ғана нәсіп етсін.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі