#Қордайда 5 отбасы баспаналы болды

#Қордайда 5 отбасы баспаналы болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Үйі жоқтың - күйі жоқ" дейді халқымыз. «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп, қара шаңырағында көсіліп жатуды кім армандамайды дейсіз?! Әсіресе урбанизация үдерісі белең алған бүгінгі қоғамда баспана проблемасының өзектілігі күшейіп, жоғарыда тілге тиек еткен тіркестің мәні арта түскені түсінікті. Аллаға шүкір күн санап баспана мәселесі байыппен шешімін тауып келеді. 

Бүгін сіздерден тағы да бір сүйінші сұрамақпыз. Қордай ауданында кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен "Асар - ел бірлігі" атты қайырымдылық науқаны жасалып, 5 бірдей отбасы баспаналы болды. 

Шараны ұйымдастырып, асар жасауға көпшілікті жұмылдырып, игі істе ұйытқы болған Алланың жердегі үйі - мешіт, оның қызметкерлері. Тұрғындардың атой қуанышын бөлісуге ауылдастары келіп қатысып, ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы баспана кілтін табыстады. Жанұларға береке, молшылық, амандық тілеп, ақсақалдар бата берді. 

Айта кетейік, 5 отбасыны баспанамен қамту науқанына 30 млн теңге қаражат жұмсалды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: